Жаңалықтар

11 ақпан 2017
Елбасы «Қыз Жібек» операсының премьерасында болды
Астана қаласы, «Астана Опера»

Ұлттық алтын қордағы асыл мұрамыз саналатын Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы Үлкен зал сахнасында қойылды.

Операның либреттосын Жібек пен Төлегеннің трагедиялық махаббаты туралы халықтың лиро-эпостық жырының желісімен көрнекті драматург әрі жазушы Ғабит Мүсірепов жазған. Екі тайпа өкілінің трагедиялық махаббаты арқау болған жыр жолдарынан көшпелі қазақтың рухани өмірі, ойы мен арман-мұңы көрініс тапқан.

Қойылымның музыкалық жетекшісі және қоюшы дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. Қоюшы режиссері – Михаил Панджавидзе (Беларусь).


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу