National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығы Сотының ғимараты мен Халықаралық арбитраждық орталығын ашты

2019 жылғы 02 шілде

Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты рәсім барысында Сот ғимараты мен Халықаралық арбитраждық орталықты ресми түрде ашық деп жариялап, қалыптасқан үрдіске сәйкес арнайы балғамен соққы жасады.

Қазақстан Президенті өз сөзінде заң үстемдігін сақтау қағидаты орнықты экономикалық дамуға және инвесторларға деген сенімге ықпал ететінін айтты.

– Біз заманауи, кәсіби және дербес сот жүйесін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлеміз. «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты мен Халықаралық арбитраждық орталығын ағылшын құқығы қағидаты негізінде құру арқылы біз «Астана» халықаралық қаржы орталығының институционалдық құрылымын жасауды аяқтаймыз. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі бастамаларының бірін жүзеге асырамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, «Астана» халықаралық қаржы орталығының құрылуы Қазақстанның әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу үшін жасаған қадамдарының бірі саналады.

– Біз мұның биік мақсат екенін түсінеміз. Ол тұрақты әрі сапалы экономикалық өсімді, әртараптандыруды, жаңа инвестиция мен технологияны тартуды талап етеді. Біз реформалардан қорықпаймыз. Сондықтан, бұрынғы КСРО аумағында алғаш рет ағылшын құқығы сот төрелігінің жалпы жүйесі аясында елімізде табысты қолданылып отыр, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығында исламдық қаржыландыру, адам капиталын, инновация мен цифрландыруды дамыту, стартап-жобаларды қолдау салалары бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалардың мамандандырылған көрмесін аралап көрді. Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының жұмысымен танысты. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің