Жаңалықтар

19 желтоқсан 2013
Астанадағы «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытына бару

Зауытты аралау барысында Мемлекет басшысы өндіріс цехтарын қарап шығып, шығарылатын өнімдер үлгілерімен танысты, сондай-ақ кәсіпорын ұжымымен әңгімелесті.

 

Зауытты аралау барысында Мемлекет басшысы өндіріс цехтарын қарап шығып, шығарылатын өнімдер үлгілерімен танысты, сондай-ақ кәсіпорын ұжымымен әңгімелесті.

Зауыт қызметінің басты бағыты – бағалы металдарды электрохимиялық аффинаждау.

Ауданы 3,4 гектар болатын кәсіпорын «Астана – жаңа қала» индустриялық паркі – арнайы экономикалық аймағы аумағында орналасқан.

Аффинаж зауытының жобалық қуаты жылына 25 тонна аффинаждалған алтын өндірісіне есептелген және оның бағалы металдар электролизі бойынша отандық инновациялық технологияны енгізу есебінен 75 тоннаға дейін жеткізілуі мүмкін. Жоба осы саладағы әлемдік озық үлгілерге сәйкес әзірленген.

Зауытты алтын және күміс сувенирлік бұйымдар (зергерлік өнімдерден басқа) және техникалық мақсаттағы өнімдер өндірісін құру арқылы одан әрі дамыту қарастырылуда. Бұл химиялық, медициналық, зергерлік , автомобиль және өзге де салаларды, машина және аспап жасау кәсіпорындарын бағалы металдардан алынған бұйымдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу