National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы «Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-да болды

2015 жылғы 18 маусым

 

Мұнда Мемлекет басшысына Астана қаласының 2030 жылға дейінгі бас жоспарына енгізілген түзетулер мен астаналық агломерация қалыптастыру жобасы жөнінде, сондай-ақ елорданың жаңа көлік жүйесін құру барысы баяндалды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президентіне Орынбор көшесін, жаңа теміржол вокзалы ауданын салу тұжырымдамасы және Нұрлы жол бульварының екінші кезегінің жобасы туралы айтылды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа елордада құрылысы жоспарланған тағы бірқатар жобалар таныстырылды.

БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы елорданың құрылысы іс жүзінде 10 жыл ішінде жүзеге асқанын атап өтті.

– Қалаға қажеттінің бәрі 2008 жылға дейін салынды, одан кейінгі кезеңде Астананың дамуы жеке инвесторлардың қатысуымен жалғасты. Қазіргі кезде жан басына шаққандағы ең көп инвестиция елордаға тиесілі. Астананың ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі жыл сайын өсіп келеді. Бүгінде елорда барша қазақстандықтардың мақтанышы саналады, қонақтарын тәнті етеді. Халқының саны 900 мың адамға жетті, бұрын мұны болжаудың өзі қиын болатын. Қала еліміздің шын мәніндегі әкімшілік, мәдени, іскерлік, білім және медицина орталығына айналды, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананы салу және абаттандыру жұмыстары жалғастырылатынын айтты.

– Қандай кемшіліктер бар екенін, соның ішінде көліктер тұрағына қатысты мәселе туралы да білеміз, оның бәрі міндетті түрде шешіледі. Таяудағы мол жауын су сорғы кәріздеріне қатысты түйткілдердің бар екенін көрсетті. Онымен де жұмыс жүргізу қажет. Сонымен қатар, балабақшалар мен мектептер салу мәселесіне де назар аудару керек. Қаланың әрі қарай даму келешегі ЭКСПО-2017 аумағы мен оның айналасындағы көшелер құрылысын, Сулы-жасыл желекті бульварды абаттандыру, жаңа саябақтар, соның ішінде 100 гектар аумақта Ботаникалық бақ салу жоспарын қамтиды. Бұл жұмыстардың барлығы еліміздің тура орталығында мүлде жаңа мегаполистің қалыптасуына негіз қалайды, ол барша қазақстандықтардың игілігіне қызмет ететін болады, – деді Мемлекет басшысы. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің