Жаңалықтар

23 наурыз 2019
Қазақстан Президенті жастардың ресурстық орталығына барды
Түркістан облысы, Түркістан қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында жастардың ресурстық орталығының жұмысымен танысты.

Қазақстан Президентіне жастардың шығармашылық бастамаларына, кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсету, олардың жұмыспен және баспанамен қамтылуын үйлестіру, сондай-ақ жастарға құқықтық көмек көрсету сияқты негізгі жұмыс бағыттары жөнінде баяндалды.

Еркін әңгімелесу барысында жастар өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Жастарға қызмет көрсету», «Еріктілер клубы», «Жас сарбаз», «Тілдер мектебі» атты тақырыптық секторлардың, білім беру саласындағы «Stem» жобасының, сондай-ақ «TURKISTAN HUB» коворкинг орталығының жұмыстары туралы айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу