Жаңалықтар

8 қараша 2017
Нұрсұлтан Назарбаев «Әуежай» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты
Қостанай қаласы

Елбасы «Әуежай» жаңа шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президентіне «Нұрлы жер» бағдарламасының Қостанай облысында іске асырылу барысы жөнінде баяндалды.

Шағын аудан аумағында әлеуметтік инфрақұрылым нысандары да салынуда, соның қатарында 900 орындық жалпы білім беретін мектеп, сондай-ақ мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында спорт және ойын-сауық кешенінің құрылысы бой көтеруде.

***

Жаңа шағын ауданның көлемі – 31,7 гектар. 2014-2017 жылдарда жалпы көлемі 80 мыңнан астам шаршы метрді құрайтын 16 үй пайдалануға берілген. Бүгінде тағы 12 үй салынып жатыр.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу