Жаңалықтар

19 қыркүйек 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысына жұмыс сапары аясында «Баянтау» жаңа спорт кешенінде болды

Қазақстан Президенті Лондон Олимпиадасына қатысушылармен кездесті және алдағы халықаралық жарыстар мен Олимпиялық ойындарға қатысу үшін облыстың спорттық резервінің дайындық барысына қызығушылық танытты.

Қазақстан Президенті Лондон Олимпиадасына қатысушылармен кездесті және алдағы халықаралық жарыстар мен Олимпиялық ойындарға қатысу үшін облыстың спорттық резервінің дайындық барысына қызығушылық танытты. 

- Сіздерді әлемдік ауқымдағы жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін жаңа спорт кешенінің ашылуымен құттықтаймын. Мен сіздер ең заманауи жабдықтармен жабдықталған осы жаңа спорт орталығында жаттыға жүріп, Қазақстан үшін жаңа медаль әкелетіндеріңізге сенемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Облыс басшылығы Мемлекет басшысына өңірде спортты дамыту туралы баяндады және «Sport City-Pavlodar» спорт қалашығы құрылысының жобасымен таныстырды. Сонымен қатар, аралау кезінде шағын қалалардағы әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту - Ақсу қаласында спорт кешенінің ашылуы және Екібастұз қаласындағы музыкалық мектеп құрылысының барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Кездесудің соңында Мемлекет басшысы осы күндерде таяу және алыс шетел спортшыларының қатысуымен бокстан халықаралық жарыс өтіп жатқан әмбебап залды аралап көрді.

Көп салалы спорт кешені - осындай деңгейдегі облыстағы бірден-бір спорт кешені. Спорт сарайы спорттың ойын түрлеріне, акробатика мен көркем гимнастика, күрес пен бокс, ауыр атлетика мен топ сабақтарына арналған залдармен жабдықталған. Сондай-ақ медициналық көмек көрсету және дәрігерлік бақылау жасау үшін мамандандырылған бөлмелер бар.

Жарысты өткізу кезінде спорт кешені бір мезгілде 400-ге жуық спортшы мен 1000-ға жуық көрерменді қабылдай алады. Кешенде күніне 300-350 адам спорттың әр түрі бойынша жаттыға алады.  


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары