Жаңалықтар

10 қаңтар 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласы Алатау ауданының «Шаңырақ» шағын ауданындағы №180 жаңа мектепте болды

Мектептің жалпы аумағы – 8600 шаршы метр, 1200 оқушыға арналған және заманауи мультимедиялық жабдықтармен, компьютерлік техникамен жабдықталған. Онда физика, химия, биология кабинеттері, сондай-ақ оқу шеберханалары (ағаш пен металл, аспаздық, тігін шеберханасы) үшін мамандандырылған техникаларды қоса алғанда, тиімді оқу үдерісіне арналған өзге де қажетті жабдықтар бар.

Мектепті аралау барысында аудан тұрғындары Мемлекет басшысына балалардың өз көшелеріне жақын орналасқан мектепке баруына мүмкіндік туғызған мұндай маңызды нысанның құрылысы үшін зор алғыс айтты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласы Алатау ауданын дамытудың бас жоспарымен танысты.

Мемлекет басшысы ауданда бизнес үшін жақсы перспективалар мен өнеркәсіп кәсіпорындары бар екенін, жер және қажетті коммуникация ғимаратының бар екендігіне байланысты зор мүмкіндіктер ашылып отырғанын атап өтті.

- Алатау ауданы қаланың даму проблемасын шешу мақсатында құрылды. Қазір мұнда өнеркәсіп дамуда, әлеуметтік-мәдени және білім беру нысандары салынуда, атап айтқанда, мектептер мен мамандандырылған ХҚО жұмыс істеуде. Келешекте мұнда Универсиада нысандары, түрлі спорттық кешендер, кино-концерт залдары орналасатын болады. Бұл үшін қажетті инфрақұрылым тартылады. Алматының жаңа солтүстік-батыс ауданында келешекте 300 мыңға дейін тұрғын тұратын болады, бұл - оңтүстік астана тұрғындарының 20 пайызы, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы аудан тұрғындарының өмір сүрулері үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі жұмыстар жалғасын табатынын атап өтті.        


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары