Жаңалықтар

18 қыркүйек 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Сүтөнімі» ЖШС-ның сүт өндіретін зауытында болды

Кәсіпорында Нұрсұлтан Назарбаев сүт өндірудің технологиялық үдерісімен танысып, ұжыммен бейресми әңгіме өткізді.

 

Кәсіпорында Нұрсұлтан Назарбаев сүт өндірудің технологиялық үдерісімен танысып, ұжыммен бейресми әңгіме өткізді. Сондай-ақ кәсіпорынды аралау барысында Президентке өңірдегі Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру барысы туралы баяндады.  

Зауыттың жобалық қуаты - жылына 85 мың тонна. Оны қайтақұрылымдауға 3,6 миллиард теңге инвестиция салынған. Өндірісте жетекші еуропалық компаниялардың жабдықтары пайдаланылады.

Бұл жоба Қазақстан Республикасының импорт алмасу саясатына сәйкес және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іске асырылған.      


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары