Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

14 желтоқсан 2011
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары мен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарын тапсырды.

01

02

Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін қазақстандықтардың үлкен бір тобы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында көрнекті мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау қайраткерлері, өндірістік сала, бизнес өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері бар.

Марапаттау рәсімін аша отырып, Президент Тәуелсіздіктің 20 жылдығы – Қазақстан тарихындағы заманалық дата екенін атап көрсетті.

- Біз алғаш рет өз мемлекетімізді құрдық, оның шекарасын бекемдедік, қауіпсіздігін қамтамасыз еттік, экономиканы көтеріп, өз халқымыздың өмірін жақсарттық. Біз реформаны бірінші болып жүргіздік, және әлемдік қоғамдастық қазақстандық жолдың өте табысты екенін мойындады. Біз осы мерейтойға жоғары көрсеткіштермен келдік. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында күн сайын айтылуда. Біз қазақ жерінің тамаша ұлдары мен қыздарының еңбегін жоғары бағалаймыз. Барша қазақстандықтардың – диқаншылардың, малшылардың, металлургтердің, құрылысшылардың, көлік қызметкерлерінің, мұғалімдердің, дәрігерлердің, еліміздің барлық азаматтарының ерен еңбегінің арқасында біз табысқа қол жеткіздік. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында алған Отанның наградасы ерекше мәнге ие. Мен Қазақстан жері, бұрынғысынша, еңбеккерлер мен батырларға, ерекше жаратылған тұлғаларға бай болғаны үшін бақыттымын. Алдымызда әлі де атқарар істер аз емес. Әлем алдында қиындықтар күтілуде, алайда осы жылдар ішінде біз шыңдалдық және жаңа биіктерге жетуге дайынбыз, - деді Президент.

Қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін «Халық қаһарманы» атағы  Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті жол полициясы жеке батальонының взвод командирі Ғ.Байтасовқа (марқұм) берілді.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы және  өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері  үшін «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директоры Ұ.Қарабалин мен «Интеграция» халықаралық қоры басқармасының төрағасы С.Терещенкоға берілді.

«Отан» орденімен «Ә.Дінішев вокал академиясының»  директоры Ә.Дінішев, Ақмола облысы «Ижевский» ӨК және «Родина» агрофирмасы» ЖШС бас директорлары И.Жангуразов пен И.Сауэр марапатталды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.Мұсабаев пен Қ.Саудабаев марапатталды.

І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталғандардың қатарында ҚР Туризм және спорт министрлігі «Штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясы» РМҚК жаттықтырушысы Ж.Үшкемпіров, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен -  Орталық Азия университетінің профессоры Ж.Әлиев,  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ  директорлар кеңесінің мүшесі Н.Есенғарин, «Иволга Холдинг» ЖШС бас директоры   В.Розинов, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің төрағасы Қ.Сүлейменов,  ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен - «KAZGOR» жобалау академиясы» ЖШС бас архитекторы Т.Ерәлиев, Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының директоры М.Жолдасбеков, «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС «Жетіген-Қорғас» басқармасының бастығы Б.Есенаманов, Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Шайхутдинов, кәсіпқойлар арасында бокстан әлем чемпионы Б.Шүменов бар.

І дәрежелі «Даңқ» орденімен ҚР Бас әскери прокуроры Е.Мерзадинов марапатталды.

«Atameken Holding» қаржы-өнеркәсіп тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ұ.Айтжанов, «Академик Б.О.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ бас директоры М.Алшынбаев, Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының артисі Ж.Бағысова, Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары А.Еременко, Қостанай облысының «И.Естаев» ШҚ басшысы  И.Естаев, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының бірінші вице-президенті Н.Нәдіров, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі Н.Нүсіпжан, ақын Ш.Сариев, жазушы Қ.Сәрсекеев, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің профессоры Х.Сәтпаева, суретші Е.Төлепбай, «Республикалық ұйғыр мәдениет орталығы» ҚБ басқармасының төрағасы А.Шардинов және т.б.  «Парасат»  орденінің иегерлері атанды.

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен наградталғандар арасында «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» ҚБ төрағасы Р.Ким, С.Герасимов атындағы Бүкілресейлік кинематография институтының ректоры В.Малышев, Германия Федеративтік Республикасы Бундестагының депутаты, «Қазақстан-герман қоғамының» төрағасы Грунд Манфред, Шығыс Қазақстан облыстық Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Х.Матаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ю.Тимощенко бар.

Бір топ белгілі ғалымдар мен мәдениет, білім қайраткерлері, өндірістік сала  өкілдерінің еңбегі «Құрмет» орденімен атап өтілді. Олардың арасында Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының әртісі К.Әспетова,  Солтүстік Қазақстан облысының «Қызыләскер» ЖШС директоры В.Андриянов, «Травматология және ортопедия ҒЗИ» РМК  директоры Н.Бәтпенов, М.Әуезов атындағы Қазақ  мемлекеттік академиялық драма театрының актері А.Бектемір, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Жайлыбай, жазушылар Қ.Жиенбай және С.Мәмет, М.Горький атындағы орыс драма театрының әртісі В.Иваненко, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық  балалар және жасөспірімдер театрының әртісі Г.Қазақбаева, «Аргументы и факты в Казахстане» Баспа үйі»  ЖШС бас редакторы С.Кузовников, Ақтөбе облысының «Дархан» АҚ президенті А.Майтеков, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Б.Мамраев, әншілер А.Мейірбеков, Б.Сәмединова, Р.Стамғазиев, кинорежиссер Л.Сон, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі С.Тұрысбек, «Метрополитен» ҚМК директоры М.Өкшебаев және тағы басқалар бар.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы Ш.Аймаонв атындағы «Қазақфильм» АҚ әртісі Г.Досматоваға, Т.Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кафедра меңгерушісі Д.Тұранқұловаға, сондай-ақ ғылым, мә­дениет, өндіріс пен әлеуметтік са­ланың 111 көрнекті өкіліне берілді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына 280 адам ие болды.

Әскери және қызметтік бор­ы­шын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі «Даңқ», І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ер­лігі үшін» медальдарымен марапатталды.

Президент сондай-ақ ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын тапсырды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Микробиология және вирусология институтының бас директоры А.Саданов, Микробиология және вирусология институтының микробиология бөлімінің жетекшісі С.Айткелдиева, Микробиология және вирусология институтының микробтық препараттар зертханасының аға ғылыми қызметкері Н.Гаврилова, Микробиология және вирусология институтының микробтық препараттар зертханасының меңгерушісі И.Ратникова, «Таза су» ЖШС-ның Директорлар кеңесінің төрағасы Ұ.Ыдырысова, «Таза су» ЖШС-ның аға ғылыми қызметкері В.Кан, «ГИРКАН» Ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ның ғылыми жұмыс және инновация бойынша бас директорының орынбасары Е.Шорабаев және Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Математика, информатика және механика институты РМК-ның Математика институтының алгебра зертханасының меңгерушісі А.Жұмаділдаев Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары атанды.

Мемлекет басшысының Жарылығымен еліміздің дамуы мен Тәуелсіздігінің нығаюына қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми, Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин, Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Рогов, Жоғарғы Сот төрағасы Бектас Бекназаров, Ұлттық Банк Төрағасы Григорий Марченко, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, Парламент Мәжілісі төртінші шақырылымының Төрағасы Орал Мұхамеджанов, Президенттің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабеков, Бас прокурор Асхат Дауылбаев, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Нұртай Әбіқаев, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев, Президенттің Іс Басқарушысы Серік Үмбетов, Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы Қайрат Қожамжаров, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов, Президенттің Күзет қызметінің бастығы Мұхтар Аюбаев, «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Аманжол Жанқұлиев, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко, Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Алматы облысының әкімі Анзар Мұсаханов, Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов, Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев, Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов, Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин, Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов, Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағындықов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев марапатталды. Президент Жарлығымен Қ.Қасымовқа полиция генерал-лейтенанты арнаулы атағы берілді.

- Бүгін мұнда Тәуелсіздігіміздің 20 жылыдғы қарсаңында жоғары мемлекеттік органдардың, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының басшылары шақырылды. Мен сіздердің еліміздің Тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлестеріңізді ерекше атап өткім келеді. Осы жылдар ішінде сіздер менімен бірге болдыңызар. Мен сіздердің осы айтулы датаны есте сақтап жүрулеріңіз үшін арнайы мерекелік медальді бекіттім, - деп атап өтті Президент.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар