National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Елбасы Карнеги қорының президенті Уильям Бернспен кездесті

2016 жылғы 01 сәуір

 

Кездесуге АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі У.Перри, АҚШ-тың бұрынғы сенаторы С.Нанн, Калифорния штатының губернаторы Дж.Браун, CNN арнасының негізін қалаушы Т.Тернер, «Gap» компаниясының бұрынғы басшысы Э.Гаст қатысты.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ-тың жаһандық антиядролық қозғалыс аясындағы ынтымақтастығы талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы серіктестермен кездесіп, олармен  Қазақстан-Америка ықпалдастығын одан әрі нығайту жолдарын талқылау мүмкіндігі туғанына ризашылық білдірді.

***

Карнеги қоры – әлем елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту басты міндеті болып жарияланған коммерциялық емес жекеменшік ұйым. 1910 жылы құрылған Қор халықаралық саясат саласындағы ірі сараптау-талдау орталығының бірі болып саналады. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің