Жаңалықтар

28 сәуір 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Джеки Чанмен кездесті
Қытай Халық Республикасы, Бейжің қаласы

Кездесуге, сондай-ақ, әйгілі Қытай актерінің әріптестері мен шығармашылық ұжымының мүшелері қатысты.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Джеки Чанның әлемдік кинематографиядағы маңызды рөлін атап өтті.

– Өзіңіздей танымал тұлғамен жүздескеніме қуаныштымын. Сізді бүкіл әлем біледі, – деді Елбасы.   

Қытай актері алдағы шығармашылық жоспары және киноиндустрия саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары туралы ой бөлісті. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының

Баспасөз қызметі   


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар