Жаңалықтар

20 мамыр 2014
Президент Н. Назарбаев «Хуавэй» корпорациясы директорлар кеңесінің төрайымы Сунья Фанмен кездесті

Кездесу барысында корпорацияның Қазақстандағы қазіргі жұмысының негізгі мәселелері, сондай-ақ жоғары технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары қарастырылды.

 

Кездесу барысында корпорацияның Қазақстандағы қазіргі жұмысының негізгі мәселелері, сондай-ақ жоғары технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары қарастырылды.

Мемлекет басшысы біздің елдегі телекоммуникациялық саланың деңгейі қарқынды өсіп келе жатқанын атап өтті және Қазақстанның  корпорациямен ынтымақтастыққа аса мүдделі екеніне тоқталды.

Сунья Фан өз компаниясы жұмысының негізгі бағыттары туралы әңгімелеп, оны бұдан әрі дамыту жөніндегі жоспарларын баяндады.

«Huawei Technologies» корпорациясы телекоммуникациялық құрал-жабдық шығару жөнінен әлемдегі жоғары технологиялық ірі кәсіпорын болып саналады. Корпорацияның Қазақстандағы өкілдігі 1999 жылы ашылды. Компания елдің жетекші байланыс операторларының негізгі жеткізушісі және стратегиялық серіктесі болып саналады.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар