Жаңалықтар

4 ақпан 2013
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

 

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары екі елдің 2013-2015 жылдарға арналған бірлесе әрекет ету жоспарлары аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, түрлі қызмет салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

Әңгімелесудің қорытындысы бойынша мемлекет басшылары биылғы 8 ақпанда Мәскеуде жұмыс бабындағы кездесу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді, онда Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлескен жұмыстың өзекті мәселелері қаралатын болады. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары