Жаңалықтар

4 маусым 2019
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

 

Әңгімелесу барысында Режеп Тайип Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Ораза айт мерекесімен құттықтап, зор денсаулық және толағай табыс, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

Тараптар Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары