Жаңалықтар

30 наурыз 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтағаны үшін ризашылық айтып, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық қарым-қатынастар екі елдің игілігі жолында одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Елбасының Сауд Арабиясымен ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор еңбегін атап өтіп, өзара тиімді байланыстарды нығайтуға бағытталған жұмыстардың жалғаса беретінін айтты.

Елдер көшбасшылары екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты әрі қарай кеңейтуге ниетті екендерін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Сауд Арабиясы жағы бастамашы болды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары