Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

5 мамыр 2015
Мемлекет басшысы телефон арқылы Чехия Республикасының Президенті Милош Земанмен сөйлесті

 

М.Земан Нұрсұлтан Назарбаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Қазақстан кірісіп жатқан ауқымды реформаларды жүзеге асыру ісінде табыс тіледі.  

Екі мемлекеттің көшбасшылары Чехия Президентінің елімізге 2014 жылғы қарашада жасаған сапарының қорытындысын ескере отырып, екіжақты қарым-қатынасты дамытудың перспективаларын талқылады.

Әңгімелесуге чехиялық тарап бастамашылық етті.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары