National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичпен телефон арқылы сөйлесті

2017 жылғы 09 наурыз

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Мемлекеттер көшбасшылары Қазақстан Президентінің Белградқа 2016 жылғы 23-25 тамыздағы ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысына көңілдері толатынын айтты.

Т.Николич Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанда саяси және экономикалық жаңғырту бағытында жүзеге асырылып жатқан реформаларға жоғары баға берді.

Екі елдің президенттері Қазақстан мен Сербияның достық қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға әзір екендігін білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Сербия жағы бастамашы болды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2026 жылғы 27 наурыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің