Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

27 қараша 2017
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Анатолий Молодовтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті белгілі хор дирижері, педагог Анатолий Молодовтың дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Ол өмірінің көп жылын мәдениеттің биік мұраттарына қызмет етуге арнады. Оның есімі Қазақстан хор өнерінің қалыптасуы мен дамуының тұтас бір кезеңімен байланысты», – делінген көңіл айту жеделхатында.

Сондай-ақ, жеделхатта А.Молодов отандық дарынды орындаушылардың шоғырын тәрбиелеп шығарғаны айтылған.

Елбасы соңында А.Молодовтың есімі қазақстандықтардың жүрегінде сақталатынын атап өткен.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар