National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге Тегеран қаласында болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

2017 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Тегеран қаласындағы ел парламентінің ғимараты мен имам Хомейни кесенесі аумағындағы террорлық актілер салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Елбасы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.   

«Біз бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіріп отырған халықаралық терроризм мен экстремизмнің кез-келген түрін қатаң айыптаймыз.

Елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы күресте Қазақстан Иранмен ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын», – делінген жеделхатта. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады

2026 жылғы 01 сәуір

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің