Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

16 қараша 2020
Мемлекет басшысы Молдова Республикасының жаңадан сайланған Президенті Майя Сандуды құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өз атынан Молдова Республикасының жаңадан сайланған Президенті Майя Сандуды құттықтап, жеделхат жолдады.

«Сайлаудағы сенімді жеңісіңіз Сіздің демократиялық, тұрақты және экономикалық тұрғыдан өркендеген мемлекет құру бағытыңыз халықтан қолдау тапқанын көрсетеді. Біз күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, дәстүрлі достық пен өзара табысты ынтымақтастыққа құрылған қазақ-молдова қатынастарын нығайта түсеміз деп үміттенемін», – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Сандуға Молдова Республикасының өсіп-өркендеу жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар