Жаңалықтар

18 қыркүйек 2017
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның теннистен ерлер құрамасына құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстанның теннистен ерлер құрамасын Дэвис Кубогінің қазіргі чемпионымен ойында жеңіске жетуімен және осы үздік турнирдің әлемдік тобына өтуімен құттықтады.

«Сіздердің мықты қарсыласпен бәсекеде табандылықпен жеткен жарқын жеңістеріңіз еліміздің спорт жылнамасындағы айтулы жетістік болып отыр. Қайсарлық пен қайрат-жігерлеріңіздің арқасында Қазақстан теннис мектебінің жоғары деңгейде екенін тағы да бір таныттыңыздар», – делінген жеделхатта.

Соңында Елбасы құрама мүшелеріне зор денсаулық тілеп, спорттың жаңа  белестерінде табысқа жетулеріне ниеттестік білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар