Жаңалықтар

11 тамыз 2016
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Баландинге Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарындағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Д.Баландинді суға жүзу сайыстарында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.

«Сенің жарқын жеңісің қазақстандықтарға зор қуаныш сыйлады. Даңқты қарсыластармен жанкешті және қиын сайыста жеңіп алған алтын медаль – сенің жоғары шеберлігіңнің, мақсатқа талпынуыңның, ерік күшің мен қайрат-жігеріңнің көрсеткіші. Сенің теңдессіз табысың Қазақстан спортының шежіресінде мәңгілік қалады», – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті спортшының келешекте жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар