Жаңалықтар

4 мамыр 2015
Испания Үкіметінің төрағасы Мариано Рахойдың құттықтау жеделхаты

 

М.Рахой Үкіметтің және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

«Осы жаңа мандаттың кезінде біз елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыра алатынымызға сенімдімін. Испания үшін Қазақстан негізгі серіктес болып саналады. Сіздің елге менің 2013 жылы қыркүйекте жасаған соңғы сапарым стратегиялық қарым-қатынастарымызды нығайту мүмкіндіктері бар екеніне, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы жауапкершілігіне көз жеткізді, Испания бұған қолдау білдіреді», – делінген жеделхатта.

Соңында Испания Үкіметінің төрағасы Қазақстан Президентіне жоғары лауазымды қызметте табыс тіледі. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар