National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарындағы жеңісіне байланысты Нижат Рахимовқа құттықтау жеделхатын жолдады

2016 жылғы 11 тамыз

Мемлекет басшысы ауыр атлетика сайысында алтын медаль иеленген Н.Рахимовты құттықтады.  

«Қазақстандықтар сенің өнеріңді зор қызығушылықпен және үлкен үмітпен тамашалады. Сен олардың үмітін толық ақтадың. Жоғары спорттық шеберлігің, жанкештілігің мен асқан ерік-жігерің саған қиын сайыста мықты қарсыластарды жеңіп шығып, Қазақстанның олимпиадалық командасына алғашқы алтын медальді әперуге көмектесті. Сенің жеңісің елдің жас спортшылары үшін лайықты үлгі болары анық», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев спортшыға жаңа жеңіс пен жетістіктер тіледі. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің