Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

10 сәуір 2017
Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге Танта және Александрия қалаларында болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Танта және Александрия қалаларындағы копт православ шіркеулеріндегі террорлық акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, сондай-ақ қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Қазақстан Мысырмен бірге елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте күш-жігер жұмылдыруға дайын», – делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар