Жаңалықтар

3 тамыз 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Франция азаматынан хат келіп түсті

 

Экс-ле-бендік Жан Мишель Гийон өз хатында жыл сайын әлемнің ең мәртебелі «Тур де Франс» веложарысы өткізілетін Францияда велоспорттың кеңінен танымал екенін айтады.

«Спортшылар үшін де, басқа барлық адамдар үшін де тамаша велошабандоз Александр Винокуров нағыз үлгі» делінген хатта.

Автор Александр Винокуровтың басқа спортшылардан жарысқа қатысушылардың бәріне құрметпен қарайтынымен ерекшеленетінін әңгімелейді. Және осы бір мінезі арқылы оны өз әріптестері мен жанкүйерлері шын мойындағанын, зор ықылас танытқанын айтады.

«Оның ішкі күш-қуаты, мінезі, батылдығы сын барысында паш етіледі, ал оның сезімі өзін-өзі ұстай білуінен, ақ ниеттілігінен, табиғи қарапайымдылығынан, отбасы мен өз еліне – Қазақстанға деген махаббатынан көрінеді. Ұлы ел ұлы адамдарды өсіреді!».

Хат соңында Жан Мишель Гийон Қазақстан халқы мен оның Президентіне халықаралық спорттық сындарда өз елінің даңқын шығарған Александр Винокуровтың ерекше талантын ашу үшін жағдай жасалғанына алғыс білдіреді.

       


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар