Жаңалықтар

5 мамыр 2015
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті болып сайлануына байланысты Молдова Республикасының Президенті Николае Тимофтидің құттықтау жеделхаты

 

Н.Тимофти Нурсұлтан Назарбаевтың президент сайлауындағы айқын жеңісіне байланысты  шын жүректен құттықтайтынын жеткізді.

Молдова Президенті Қазақстан азаматтарының ерік-қалауы мен сайлауда қол жеткізілген нәтиже Қазақстан қоғамын реформалауды жалғастыру және республиканы әлемдік қоғамдастықпен ықпалдастыру жолымен ілгерілету  бағытында жүргізіліп келе жатқан елдегі саясатты қолдаудың дәлелі екенін атап өткен.  

«Жоғары мемлекеттік лауазымдағы Сіздің қызметіңіз Қазақстанның одан әрі өсіп-өркендеуіне және екі елдің де халқының игілігі үшін өзара тиімді Молдова-Қазақстан ынтымақтастығының өрістеуіне септігін тигізеді деп нық сенім білдіремін», – делінген жеделхатта.

 Сондай-ақ Н.Тимофти Қазақстан Президентін ресми сапармен Молдоваға келуге шақырып, сапар екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастар аясын кеңейтуге және оны тереңдете түсуге елеулі серпін береріне сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаевқа Молдова Президенті мықты денсаулық, жоғары мемлекеттік қызметте табыс, ал Қазақстан халқына татулық пен бақ-береке тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар