National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакаламен кездесті

Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы мен ЕО-ның арнаулы өкілі Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы әріптестіктің барлық бағыттарын, сондай-ақ, аймақтың кең ауқымдағы мәселелерін талқылады.

Мемлекеттік хатшы еліміздің сыртқы экономикалық және инвестициялық әріптесі Еуропа Одағымен ықпалдастықты барлық бағытта дамытуға басымдық беретінін атап өтті.

Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекет басшысының жаңа бастамалары  мен қоғамдық келісім процессін дамыту жайында айтты.

Өз кезегінде, Тери Хакала Еуропа Одағы елімізде жүзеге асатын реформаларға жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 26 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

2024 жылғы 06 мамыр

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Жарлық

2024 жылғы 06 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы