Бөлімдер санаты

Нормативтiк құқықтық актiлер

Жарлықтар
9 сәуір 2019
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 және «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:  

1) «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия туралы ереже.»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;

2) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 60, 589-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережеде:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Департаменттің құрылымы мен штат кестесін Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде Департамент басшысының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекітеді.»;

15-тармақта:

6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«6) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты органдарының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

7) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету;»;

мынадай мазмұндағы 12-2) тармақшамен толықтырылсын:

«12-2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды келісу;»;

20-тармақ мынадай редакциядағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:

«8-2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекітеді;».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының     

             Президенті                                                                                                        Қ.Тоқаев

 

 Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 5 сәуір

                             

                             № 16

Жарлық қосымшасын мына жерде қараңыз


Барлық нормативтік құқықтық актілер
 
Другие указы
Все указы