Бөлімдер санаты
Нормативтiк құқықтық актiлер
Оқиғалар күнтізбесі
ДсСсСрБсЖмСнЖс
124567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
 
 
 
 
Барлық жаңалықтар

Нормативтiк құқықтық актiлер

Жарлықтар
8 желтоқсан 2020
Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы:
  1. Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлына, мәдениеттанушы – «Абыз Әбіш» зерттеуі үшін;
  2. Ақсұңқар Серікке, ақын – «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» өлеңдер жинағы үшін;
  3. Есім Ғарифоллаға, жазушы – «Ғұлама-наме» трилогиясы үшін;
  4. Жолдасбеков Мырзатайға, әдебиеттанушы – «Ұлы Дала әдебиеті» тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін;
  5. Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлына, ақын – «Достояние души» өлеңдер жинағы үшін;
  6. Мұқанова Роза Қажығалымқызына, драматург – «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағы үшін;
  7. Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлына, жазушы – «Періштелердің өлімі» прозалық шығармалар жинағы үшін берілсін.
  1. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                               Қ.Тоқаев

 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 7 желтоқсан

                      № 466


Барлық нормативтік құқықтық актілер
 
Другие указы
Все указы