Бөлімдер

Жаңалықтар

02.02.2012Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовті қабылдады.

Президент биліктің барлық құрылымы Жолдауды іске асыру жөнінде алда тұрған жұмысқа белсене әрекет етулері тиіс екенін атап көрсетті.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

02.02.2012Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

02.02.2012Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады.

Р. Түсіпбеков жемқорлық пен «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимылдары бойынша қаржы полициясы органдарының ағымдағы жедел-қызметтік қызметі туралы баяндады.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

01.02.2012Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Талғат Мамыртайұлы Қойбақов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды;

толығымен... Жарлықтар, өкімдер, заңдар

01.02.2012Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерін «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңға сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

01.02.2012Мемлекет басшысы Ұлттық әл-ауқат қоры мен Қор тобына кіретін ұйымдар қызметінің құқықтық негізін жетілдіруге бағытталған «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

30.01.2012Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі Абдалла II бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы иорданиялық монархты 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтады және оған Астананың бір көшесін Король Хусейн бен Талалдың – қазіргі Иордания Королінің әкесінің есімімен атау туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

толығымен... Оқиғалар дерекнамасы

27.01.2012Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкімет мүшелері, әкімдер, орталық мемлекеттік органдар, «Нұр Отан» ХДП және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшылары қатысқан кеңейтілген отырыс болып өтті.

05

Өз сөзінде Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметтің алдына бірқатар нақты міндеттер қойылғандығын атап өтті. Онда әлеуметтік мәселелерге негізгі басымдық берілген.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

27.01.2012Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Дулат Хангерейұлы Бақышев Қазақстан Республикасының Корей Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды; Дархан Әлиұлы Бердәлиев Қазақстан Республикасының Корей Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

27.01.2012Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Әлішер Хабиболлаұлы Пірметов Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды; Қайрат Бектайұлы Әбсаттаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.


Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
   1 2 345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829    

Жаңартулар

RSS 2.0