
Кеңес барысында Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру қарқыны мен сапасы туралы сөз болды. Аталған стратегияның аясында қазірдің өзінде 74 жаңа өндіріс орны ашылды және жылдың соңына дейін тағы да осынша кәсіпорын іске қосылуы керек. Сонымен қатар, Үкімет басшысы Президентке келер жылдың мемлекеттік бюджетінің жасалу барысы мен еліміздің бірінші жартыжылдықтағы дамуының негізгі экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады.
толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер
А. Күрішбаев Президенттің алдында биылғы жылғы егін орағына әзірлік барысы туралы есеп берді. Сонымен қатар Мемлекет басшысын еліміздің аграрлық секторының аса өзекті мәселелері бойынша хабардар етті. Биыл Қазақстанда егін түсімі 14-15 миллион тонна астық шамасында болады деп күтілуде. Бұл республикадағы ішкі сұранысты толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда егін алқаптары күздік және жаздық дақылдарды қоса есептегенде 16,7 миллион гектарды құрайды.
толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер
Кеңес жұмысына Премьер-министр К. Мәсімов, Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ. Саудабаев, Президент Әкімшілігінің басшысы А. Мусин, Бас прокурор Қ. Мәми, Жоғарғы Сот төрағасы М. Әлімбеков, ішкі істер министрі С. Баймағанбетов, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) төрағасы Қ. Қожамжаров және құқық қорғау құрылымдары мен мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.
Кеңес барысында өз қаражатын үлестік құрлысқа салған азаматтардың проблемаларын шешуге, қылмыспен күрестің ахуалына, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтегі азаматтардың құқын қорғауға байланысты мәселелер жөнінде сөз қозғалды.
толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулерӘңгіме барысында Ресей аумағындағы ауқымды өрт салдарынан туындаған күрделі ахуалға байланысты мәселелер талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев аталған табиғи апаттар салдарын жоюда Қазақстанның қажетті көмек жасауға дайын екенін атап өтті.
Мемлекет басшылары Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының Ереванда өтетін саммитіне, сонымен қатар Өскеменде өтетін ҚР мен РФ арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындықтың мәселелерін де талқылады.
толығымен... Сыртқы саясаттағы іс-шаралар
Елбасы Целиноград ауданында көпсалалы ірі ауылшаруашылық кәсіпорны «Ақмола-Феникс» акционерлік қоғамының жұмысымен танысты. Жалпы ауданы 19,6 мың гектарды құрайтын дәнді және бұршақдәнді дақылдар егістігін аралады.
толығымен... Қазақстан бойынша жұмыс сапарлары
Елбасы Саммит өткізуді өзінің қаңтар айында ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесіне жолдаған бейне-мәлімдемесінде Қазақстан төрағалығының басты басымдығы ретінде атап көрсеткен болатын. Тамыздың 3-і күні Ұйымға қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесі Саммит өткізу туралы шешімді бірауыздан қабылдады, бұл – халықаралық қауымдастық тарапынан Қазақстан халқының Тәуелсіздік жылдарынан берігі жетістіктеріне деген аса жоғары құрметінің көрінісі.
толығымен... Оқиғалар дерекнамасыКездесу барысында екі ел арсындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Жапонияны ядролық қарулануға қарсы күрес мәселелері жақындастыра түсетінін атап өтті. Қазақстанда ұзақ жылдар бойы мемлекетке және оның халқына үлкен залал тигізген Семей ядролық сынақ полигоны істеп келген болатын.
толығымен... Сыртқы саясаттағы іс-шаралар
Кеңеске Премьер-министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин, Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин, Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Рогов, Бас прокурор Қайрат Мәми, Әділет министрі Рашид Түсіпбеков, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақов қатысты.
Кеңесті ашқан Елбасы құқық қорғау жүйесін реформалау міндеті өзінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауында баяндалғанын аттап өтті.
толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулерО. Өкісікбаев Президентке Есеп комитетінің биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында атқарған жұмысы туралы баяндады. Атап айтқанда, ел экономикасы дамуындағы ілгерлеушіліктердің нәтижесінде, республикалық бюджеттің кіріс бөлігін орындау бойынша салық түсімдерінің 2009 жылғы осы кезеңдегімен салыстырғанда 2 пайызға өскені аталып өтілді.
толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулерПрезидент Митрополит Александрді Орыс православ шіркеуінің Қазақстандағы басшысы жоғары лауазымына тағайындалуымен құттықтады.
- Қазақстан - Президенттің дана саясатының арқасында ұлты мен мәдениеті әртүрлі адамдар жайлы және тыныш өмір сүріп жатқан үлкен мемлекет, - деді журналистерге арналған брифингте Митрополит Александр.
толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер