
Кеңес жұмысына Премьер-министр К. Мәсімов, Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ. Саудабаев, Президент Әкімшілігінің басшысы А. Мусин, Бас прокурор Қ. Мәми, Жоғарғы Сот төрағасы М. Әлімбеков, ішкі істер министрі С. Баймағанбетов, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) төрағасы Қ. Қожамжаров және құқық қорғау құрылымдары мен мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.
Кеңес барысында өз қаражатын үлестік құрлысқа салған азаматтардың проблемаларын шешуге, қылмыспен күрестің ахуалына, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтегі азаматтардың құқын қорғауға байланысты мәселелер жөнінде сөз қозғалды.
толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулерӘңгіме барысында Ресей аумағындағы ауқымды өрт салдарынан туындаған күрделі ахуалға байланысты мәселелер талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев аталған табиғи апаттар салдарын жоюда Қазақстанның қажетті көмек жасауға дайын екенін атап өтті.
Мемлекет басшылары Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының Ереванда өтетін саммитіне, сонымен қатар Өскеменде өтетін ҚР мен РФ арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындықтың мәселелерін де талқылады.
толығымен... Сыртқы саясаттағы іс-шаралар