Бөлімдер

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев наурыз айында су тасқынынан зардап шеккен Қызылағаш ауылында болды.

13.08.2010
020403

Ауылға келісімен Елбасы күрделі жөндеуден өткен Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектептің ғимаратын көрді.

Облыс әкімі Серік Үмбетов Мемлекет басшысына Қызылағаш ауылында жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады.

Мектепте Нұрсұлтан Назарбаев орыс тілі мен бастауыш сыныптарға арналған кабинеттерді аралап көрді.

Бүгінде мектеп қажетті оқу құрал-жабдықтарымен толық жарақтандырылған. Спорт залы мен акт залы күрделі жөндеуден өткен. Баскетбол, валейбол және футбол ойындарына арналған алаңдары бар.

Ауылды аралап көру барысында Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті тұрғындар – Зайцевтер мен Байзулиндер отбасында қонақ болды. Президент оларды жаңа қоныстарымен құттықтап, игілік пен бақыт тіледі.

Бұдан әрі облыс әкімі Серік Үмбетов Елбасын Қызылағаш ауылының күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйімен таныстырды.

Сапар бағдарламасының қорытынды бөлігінде Мемлекет басшысы ауылдың су тасқынынан қайтыс болған тұрғындарын есте сақтауға арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды. Гүл қою рәсімінің соңында Нұрсұлтан Назарбаев ауыл тұрғындары алдында сөз сөйледі.

Жұмыс сапары аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы журналистердің сауалдарына жауап берді.

Қазақстан бойынша жұмыс сапарлары

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
  1 2 3 4 56
7 8 9 10 11 12 13
14 15 1617181920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0