Ә.Шаяхметов ағымдағы жылғы ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысының алқасында Президент алға қойған міндеттердің орындалу барысы туралы хабардар етті.
Кездесу барысында сондай-ақ «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлықтың аясында қарастырылғандай, алдағы уақытта ҰҚК қызметін оңтайландыру туралы әңгіме болды.