Бөлімдер

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды.

05.08.2010
0508

Елбасы Целиноград ауданында көпсалалы ірі ауылшаруашылық кәсіпорны «Ақмола-Феникс» акционерлік қоғамының жұмысымен танысты. Жалпы ауданы 19,6 мың гектарды құрайтын дәнді және бұршақдәнді дақылдар егістігін аралады.

Содан кейін Мемлекет басшысы астықты бастапқы сатыда өңдейтін механикаландырылған қырманда болды. Мұнда «Ақмола-Феникс» АҚ жұмысшыларымен кездесу өтті.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев биылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан еліміздің негізгі астықты өңірлерінің егіншілері орташа егін түсіміне қол жеткізетінін айтты. Сонымен қатар елде былтырғы 2009 жылғы егін түсімінің қоры да бар.

– Ел наннан тапшылық көрмейді, - деді өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның астық экспортындағы өз әлеуетін сақтап қалатынын атап өтті. Бұл – мемлекеттің ағымдағы жылы жанар-жағармаймен қамтамасыз ету, өнімді тарату, тыңайтқыш сатып алуға субсидия бөлу тұрғысынан ауылға үлкен қолдау көрсетіп отырғанының нәтижесі.

  – Тек осы жылдың өзінде біз ауыл шаруашылығына 96 миллиард теңге бөлдік. Бұл – үлкен көмек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан соң Президент аудан орталығының Ақмол кентіндегі жаңа нысандарымен танысты. Атап айтқанда, «Қазақтелеком» АҚ-ның аудандық телекоммуникация торабын, Мәдениет үйін және Целиноград аудандық сотының жаңа ғимаратын аралап көрді. 

Қазақстан бойынша жұмыс сапарлары

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
  1 2 3 4 56
7 8 9 10 11 12 13
14 15 1617181920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0