Қ.Бозымбаев Президентке ағымдағы жылдың 7 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат берді.
Есепті кезең ішінде өнеркәсіп өндірісінің өсімі 9 пайыздан астам көрсеткішті, соның ішінде тау-кен саласын өндіру – 29 пайызды құрады. Ауыл шаруашылық өндірісі артып келеді. Облыста іс жүзінде астық жинау науқаны аяқталды - 230 мың тоннадан астам астық орылды, астықтың орташа өнімділігі гектарына 15,5-ке жуық центрді құрады. Облыста жұмыссыздық азайды, Жамбыл облысының 4,5 мыңнан астам тұрғыны «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолы құрылысы аясында жұмысқа орналасты.
Кездесу кезінде сондай-ақ халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының 100 жылдығын мерекелеуге әзірлік барысы туралы әңгіме болды.