Министрлер Мемлекет басшысына Астанада өткен Кедендік одаққа қатысушы-мемлекеттер ішкі істер министрлері кеңесінің қорытындысы туралы баяндады. Атап айтқанда, Қазақстан, Беларусь және Ресей құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыспен, есірткі бизнесіне және заңсыз көші-қонға қарсы күресте, бірыңғай кедендік кеңістікте ақпараттар алмасуда ынтымақтастықты дамыту мәселесі туралы сөз болды.
Журналистерге арналған брифингте Рашид Нұрғалиев пен Анатолий Кулешов Қазақстанда жүргізілген құқық қорғау жүйесін реформалауға жоғары баға берді.
- Ресейде де ішкі істер министрлігін жаңғырту ісі жүргізілуде. Ондағы бірінші міндет – өзге құрылымдарға беру арқылы өзіне қатыссыз міндеттерден босатып, бар назарды қылмыспен күреске аудару. Мен Қазақстанның құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын қолдаймын, - деді Ресей ішкі істер министрі.
Р.Нұрғалиев реформа Қазақстанның құқық қорғау құрылымдарының жұмысының ашықтығы мен нақтылығына мүмкіндік туғызатынын атап өтті.
- Қазақстанда жүргізіліп отырған рефораның басты мақсаты – полиция жұмысын жақсарту. Бұл ішкі істер органдарының жұмысын елдің халқына таныта түсуге жол ашады, - деп атап өтті А.Кулешов.