Бөлімдер

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевті қабылдады.

11.08.2010

О. Өкісікбаев Президентке Есеп комитетінің биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында атқарған жұмысы туралы баяндады. Атап айтқанда, ел экономикасы дамуындағы ілгерлеушіліктердің нәтижесінде, республикалық бюджеттің кіріс бөлігін орындау бойынша салық түсімдерінің 2009 жылғы осы кезеңдегімен салыстырғанда 2 пайызға өскені аталып өтілді.

– Президент Есеп комитетіне Қаржы министрлігімен бірлесіп бюджетті жоспарлаудың әдістемесін нақтылай түсуді тапсырды. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық ұлттық қорларын тексеруге және олардың жұмысының қаншалықты тиімділігін баяндауға тапсырма берді, – деді О. Өксікбаев журналистерге арналған брифингте.

Кездесу барысында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің бюджеттік бағдарламаларды орындауына, сондай-ақ, автокөлік жолдарын салуға және электрондық үкіметті дамытуға бөлінген қаражаттың пайдаланылуына қатысты жүргізілген бақылау шараларының нәтижелері ұсынылды.

Кеңестер, отырыстар, кездесулер

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
  1 2 3 4 56
7 8 9 10 11 12 13
14 15 1617181920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0