Бөлімдер

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ереванда өткен (Армения Республикасы) Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымына мүше-елдер Мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысты.

20.08.2010
02

Кездесуге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Президенті Серж Саргсян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстанның өтпелі кезеңдегі Президенті Роза Отынбаева, Ресей Президенті Дмитрий Медведев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысты.

Саммитке қатысушылар өңірлік қауіпсіздік проблемаларын шешуде Ұйымға мүше-мемлекеттердің ең өзекті деген өзара іс-қимыл мәселесін талқылап, ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжаның Қырғызстан Республикасындағы ахуалды тұрақтандыруға көмек көрсету бойынша Ұйым ұсынған және жоспарланған шаралар туралы ақпарын тыңдады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшылары ҰҚШҰ аясында дағдарысты реттеуде тиімді жүйені қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

Сыртқы саясаттағы іс-шаралар

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
  1 2 3 4 56
7 8 9 10 11 12 13
14 15 1617181920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0