Қостанай облысы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінде стратегиялық мәнге ие. 2010 жылғы бірінші жартыжылдықта облыста 244,8 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Негізгі капиталға инвестиция көлемі 70 миллиард теңгені құрады. Облыста 27 мың шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Ағымдағы жылы облыс көлемінде 3,4 миллион тонна мөлшерінде астық жинау жоспарланған.
Президенттің жұмыс сапары «Қостанай мелькомбинаты» АҚ-ны аралаудан басталды. Мұнда Мемлекет басшысы жаңа макарон фабрикасының жобасын іске асыру барысымен танысты.
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа өндірістік цехтың жұмысын іске қосты.
Бірегей жоба өндірістік циклі толық аяқталған мезетте, көлемі жылына 30 мың тоннадан астам дайын өнім шығаратын қуатты кешенді құруымен ерекшеленеді. Кәсіпорын ең заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған кешен болып табылады.