Кеңес барысында Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру қарқыны мен сапасы туралы сөз болды. Аталған стратегияның аясында қазірдің өзінде 74 жаңа өндіріс орны ашылды және жылдың соңына дейін тағы да осынша кәсіпорын іске қосылуы керек. Сонымен қатар, Үкімет басшысы Президентке келер жылдың мемлекеттік бюджетінің жасалу барысы мен еліміздің бірінші жартыжылдықтағы дамуының негізгі экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады.
Кеңес қортындысында Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар берді.