Бөлімдер

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында «Жастар» жаңа спорт сарайында болды.

13.08.2010
01

Облыс әкімі Серік Үмбетов Мемлекет басшысына Спорт сарайының жұмысы туралы айтып берді, дзюдо мен самбо бойынша жаттығу залының жұмысымен таныстырды. Спорт сарайының ғимаратында Президент Алматы облысының белгілі спортшылары – «Жетісу» кәсіби волейбол командасының мүшелерімен, сондай-ақ ауыр атлетика бойынша әлем чемпиондары Владимир Седов, Мая Манеза, Светлана Подобедова және Илья Ильинмен кездесті.

Спорт сарайының ғимараты бір жарым мың көрерменге арналған, республикалық және халықаралық көлемдегі әртүрлі ірі жарыстар мен бәсекелер өткізуге, сондай-ақ спортшылардың жаттығулар жасаулары үшін лайықты етіп жасалған.

Онда футбол, баскетболға арналған спорттық әмбебап залдар, спорттық би залы бар. Спорт сарайында самбо, дзюдо, таэквондо, бокс, еркін және классикалық күрес тәрізді спорт түрлеріне арналған залдар және жеке мұражай бар.       

Қазақстан бойынша жұмыс сапарлары

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
  1 2 3 4 56
7 8 9 10 11 12 13
14 15 1617181920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0