Оған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Мемлекеттік хатшы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин, Конституциялық Кеңестің Төрағасы Игорь Рогов, Жоғарғы Сот Төрағасы Мұсабек Әлімбеков, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, Президенттің көмекшісі-Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабеков, Бас прокурор Қайрат Мәми, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерінен құқық қорғау құрылымдарының басшылары қатысты.
Кеңеске қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде, Президент еліміздің халқына арнаған өз Жолдауында құқық қорғау жүйесін жаңарту міндетін алға қойғанын атап өтті.
- Менің тапсырмам бойынша Құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Ол үлкен жұмыстар атқарды. Күш құрылымдарының қызметіне функционалдық талдау жасалды, проблемалар мен кемшіліктер анықталды. Ауқымды әлімдік тәжірибе зерттелді, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Комиссия әзірлеген еліміздің құқық қорғау жүйесін жаңартудың негізгі бағыттарын Мемлекет басшысы мақұлдады.
- Осыған байланысты мен бүгін «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін артыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қоямын, - деді Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің құқық қорғау жүйесін жаңартудың негізгі бағыттарын атап өтті. Реформа аясында Үкіметтің алдында Парламентпен бірлесіп қолданыстағы заңнамалық базаны жетілдіру жөнінде көлемді жұмыстарды орындау міндеті тұр.
- Қабылданған шаралар құқық қорғау және сот жүйесінің тиімділігін арттырып, біздің азаматтарымыздың құқығын әділ және шынайы қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенемін, - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
Кеңес барысында еліміздің Құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жетекшісі, Премьер-Министр К.Мәсімов сөз сөйлеп, Мемлекет басшысына атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Реформаның негізгі ережелері бойынша Бас прокурор Қ.Мәми, Жоғарғы Сот Төрағасы М.Әлімбеков, Ішкі істер министрі С.Баймағанбетов, сондай-ақ бірқатар облыстық құқық қорғау ведомстволарының басшылары сөз сөйледі.