Бөлімдер

Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті.

17.08.2010

- Болашақ» халықаралық стипендиясының тағайындалғанына 17 жыл өтсе де қоғамның оған деген қызығушылығы арта түсуде, бұл еліміздегі қиын кездерде «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында жоғары білікті мамандар даярлау туралы Елбасының қабылдаған шешімінің дұрыстығын дәлелдейді  Шетелдің жоғары оқу орындарына өз бетімен түскен үміткерлердің саны жыл сайын артуда. Биылғы жылы Тұңғыш Президенттің «Өркен» зияткерлік мектебінің түлектеріне «Болашақ» стипендиясы тағайындалды.  Бұл Президентіміздің өскелең ұрпаққа артқан үмітінің ақталғандығының куәсі, - деп атап өтті Қ.Саудабаев.

2010 жылғы 12 шілде мен 6 тамыз аралығында өткізілген Конкурстың бірінші және екінші турларының қорытындысы бойынша Республикалық комиссияның қарауына «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін 816 үміткердің жеке құжаттары ұсынылды.

Оның ішінде 720 үміткер шетелдің жоғары оқу орындарына өз бетімен түскен үміткер ретінде, 96 үміткер жалпы конкурс бойынша  конкурстық іріктеуге қатысты.

Үміткерлердің жалпы саны бойынша бағдарламалар бөлінісінде: бакалавриат бойынша – 187; магистратура бойынша – 578; клиникалық ординатура бойынша – 24; докторантура бойынша – 10; ғылыми тағылымдама бойынша – 17 үміткер оқу үшін өтініш білдірді.

Үміткерлердің көпшілігі құжаттарын Ұлыбританияда (474 адам), АҚШ-та (131 адам), Швейцарияда (63 адам), Ресейде (42 адам) оқу үшін тапсырған, ал қалғандары Малайзия, Ирландия, Канада, Франция, Италия, Австралия, Қытай, Нидерланд, Сингапур, Норвегия, Германия, Чехия, Швеция сияқты елдерді таңдаған.

Басым мамандықтар тізбесінен үміткерлер мынадай мамандықтарды таңдаған: «Экономика», «Ақпараттық технологиялар және жүйелер», «Туризм саласындағы менеджмент, мейманхана менеджменті, спорт менеджменті», «Мұнай және газ ісі», «Технологиялар менеджменті», «Адам ресурстарын басқару»,  «Математика», «Электроника»,  «Бухгалтерлік есеп», «Өндірістік инжиниринг», «Құрылыс және архитектура», «Хирургия».

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 472 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды.

Мемлекеттік хатшы

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
  1 2 3 4 56
7 8 9 10 11 12 13
14 15 1617181920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0