Бөлімдер

Астанадағы орталық алаңда, «Қазақ елі» монументінің алдында Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған әскерлер шеруі болып өтті.

30.08.2010
01107

Мерекелік іс-шараларға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан ұлттық мемлекеттігінің дамуында кезеңдік межені жүріп өткеніне – еліміздің Негізгі Заңының 15 жылдығын салтанатты атап өтіп жатқанына тоқталды.

- Конституция – халықтың бірлігін бекітіп берді, қазақ жерінде ортақ тарихи тағдыры тоқайласқан барлық этнос азаматтарын біріктірді. Бірыңғай жалпыұлттық еріктіліктің пайда болуымен ол еліміз дамуының жасампаздық негізіне айналды. Осы жылдар ішінде біз заманауи мемлекет ретінде Қазақстанды құруда үлкен прогреске қол жеткіздік, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.                        

Президент қол жеткізген табыстар мен құндылықтар біздің жеріміздегі ұлы әскери дәстүрдің ізбасары ­-  қазақстандық Армияның ­ сенімді қорғауында екенін атап көрсетті.

- Мен сөзімді біздің Тәуелсіздігімізді қорғап тұрғандардың барлығына арнаймын! Сіздердің иықтарыңызға Қазақстанның егемендігі мен қазақстандықтардың тыныштығын қорғау жоғары миссиясы артылып отыр.. Бұл қасиетті парызды абыроймен орындаңдар! – деді Мемлекет басшысы.

Президент барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

Мерекелік шеруді жас барабаншылар – армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері ашты.

Құрлықтағы әскерлер, Әуе қорғанысы күштері мен Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің өкілдері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Төтенше жағдайлар министрлігі және Республикалық ұланның құрамалары – барлығы 2 мыңнан астам офицерлер, әскери жоғары оқу орындарының курсанттары, келісім-шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілер, сондай-ақ мерзімді қызметтегі сарбаздар салтанатты маршпен жүріп өтті.

Әскери шеруге Отан қорғау жолындағы міндеттерді ерлермен қатар атқарып жүрген әскери әйелдер алғаш рет қатысты.

Шеруге барлық әскер түрлерінің жауынгерлік бөлімдері, 150-ден астам қару-жарақ және әскери техника, 66 авиациялық техника қатысты.

Президент сөзінің мәтінін мына жерден қараңыз.

Оқиғалар дерекнамасы

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
  1 2 3 4 56
7 8 9 10 11 12 13
14 15 1617181920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0