Бөлімдер

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев «Орнықты даму және жоғары технология» атты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының VII аймақаралық ынтымақтастық Форумын өткізу аясында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мен «Алтай» технологиялық паркінде болды.

07.09.2010
001

Мемлекет басшылары «Қазақстан Республикасының инновациялық саясатының жаңа әдістемелері» экспозициясымен танысып, «Іргетас» инженерлік мамандықтағы өңірлік университеттің зертханасын аралап көрді. Зертхана атом өнеркәсібі, машина жасау саласы, құрылыс индустриясы және өзге де өнеркәсіп салалары үшін технология әзірлеу және жаңа материалдардан нанотехнология алу жөніндегі ұжымдық пайдалану орталығы болып табылады. Зертханада сәуле түсіруші электронды микроскоп, қоздырушы электронды микроскоп, рентгендік дифрактометрия, масс-спектрометрия, рентгенофлуоресценттік анализ, дайындықты сынау бағыттары бойынша зерттеулер жүргізіледі. Зертхананың негізгі мақсаты «Таукен-металлургиялық өнеркәсіп ресурстарын кешенді пайдалану негізінде жаңа материалдар алудағы жоғары технология» бағыты бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады.

Қазақстан мен Ресей Президенттері сондай-ақ «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы инновациялық технология» атты Қазақстан және Ресейдің тауар өндірушілерінің көрмесімен танысты. Көрме екі елдің кәсіпкерлері арасындағы келіссөздер жүргізу және келіссөздерге қол қою үшін алаң болып табылды.

Одан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев «Орнықты даму және жоғары технология» атты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерасиясының VII аймақаралық ынтымақтастық Форумының пленарлық отырысына қатысу үшін «Алтай» Шығыс Қазақстан өңірлік технологиялық паркіне келді. Технопарк жоғары технологиялық өнімдер шығаруды игеру мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, оқу ұйымдары мен кәсіпкерлік орта өкілдерінің күш-жігерін біріктірген көп профильді инновациялық инфрақұрылым болып табылады. Технопарк құрамына 13 ғылыми-зерттеу зертханасы, 7 инновациялық компания, патенттік-ақпараттық бөлім, көрме залдары, заманауи телекоммуникациялық жүйе және өндірістік бөлмелер шоғырландырылған.       

Оқиғалар дерекнамасы

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
   1 2 345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829    

Жаңартулар

RSS 2.0