Бөлімдер

Қаңтар

01.01.2012Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқын жаңа 2012 жылмен құттықтауы.

01

Қымбатты отандастар!

Санаулы сәттерден кейін біз жаңа 2012 жылға қадам басамыз.

Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін сыйы мен сынағы қатар келген ерекше жыл болды.

Биыл біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын атап өттік.

Астана мен Алматыда Азиада алауы тұтанып, аспан түсті жалауымыз жоғарыдан желбіреді.

Елордада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мерейтойлық саммиті өтті.

Сырттағы ағайынға сауын айтып, Дүние жүзі қазақтарының ІV құрылтайын өткіздік.

Еліміздің абыройы асқақтап, Ислам ынтымақтастығы ұйымының тізгінін ұстадық.

Әлеуетіміз артып, ел қамбасы мол ырысқа толды.

Бұл жылдың еншісінде өркенімізді өсірген өзге де жақсылықтар аз емес.

Биылғы Президент сайлауында халқым маған ел тізгінін қайта сеніп тапсырды.

Елбасы ретіндегі еңбегіме жоғары баға беріп, мерейімді тасытқан еліме шынайы алғысымды айтамын.

толығымен... Басты оқиғалар

04.01.2012Мемлекет басшысы «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» Жарлыққа қол қойды.

04.01.2012Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаодан ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуына байланысты құттықтау хат келді.

Ху Цзиньтао өзінің құттықтау хатында бұдан 20 жыл бұрын Қытай мен Қазақстанның ресми дипломатиялық қатынастарының орнауымен екі ел халықтарының арасында достық байланыстардың жаңа парақтары ашылғанын атап өткен.

толығымен... Оқиғалар дерекнамасы

06.01.2012Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін (тетіктерді) жүйені жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңға қол қойды.

06.01.2012Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасындағы ғарыш қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін «Ғарыш қызметі туралы» Заңға қол қойды.

06.01.2012Мемлекет басшысы «Ғарыш қызметі туралы» Заңға жалғаспалы болып табылатын және қолданыстағы заңнаманы оған сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

07.01.2012Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы Қасиетті Успен кафедралық соборында болып, Қазақстанның православиелік христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.

001

Президент Рождество мерекесі діндарлардың барлығының қайырымдылық, өзара жәрдемдесу және сүйспеншілік сезімдерін, биік гуманистік және жасампаздық мұраттарын біріктіретінін атап өтті.

толығымен... Басты оқиғалар

09.01.2012Мемлекет басшысы еліміздің энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тұтынушылардың ауқымды топтарын барынша газбен үздіксіз қамту және отын-энергетикалық теңгерімдегі газдың үлесін арттыруға жағдай жасауға, ішкі қажеттілктерге арналған ілеспе газдың өндірілуін тиімді пайдалану, газбен жабдықтау жүйесінің нысандарын тиімді және қауіпсіз пайдалану үшін жағдай туғызға бағытталған «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

09.01.2012Мемлекет басшысы қолданыстағы құқықты «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестіндіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

09.01.2012Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің қызмет шарттары туралы келісімді және 2009 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қызметінің шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.



Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
  1 2 3 4 56
7 8 9 10 11 12 13
14 15 1617181920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0