Бөлімдер

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Президент Николя Саркозиден Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуына байланысты құттықтау хат келіп түсті.

20.01.2012

Николя Саркози қазақстан-француз ынтымақтастығының барлық бағытындағы елеулі әлеуетті атап өтіп, Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі жоспарлардың табысты іске асатынына сенім білдірген.

- Мен соңғы жылдары біздің сенімді жағдайда өткен тұрақты кездесуіміз серіктестік аясында едәуір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік бергеніне қуаныштымын. Біздің кәсіпорындар белсенді жұмыс жүргізуде. Мен 2012 жылы жаңа биіктерді бағындыра аламыз деп сенемін. Сіздің қолайлы уақытта Астанаға тағы да сапармен келіп қайту туралы шақыруыңызды қанағаттанғандық сезіммен қабыл аламын, - делінген хатта.

Сонымен қатар, Франция Президенті 2013 жылы Францияның Қазақстандағы жылын, 2014 жылы Қазақстанның Франциядағы жылын өткізуді құптаған.

Оқиғалар дерекнамасы

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
  1 2 3 4 56
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0